ССП Шаруашылық қызмет және оның дамуының болашағы

Шаруашылық қызметті шектеу 
ССП аумағы мен ондағы қызмет, жалпы қабылданғаннан басқа, бірнеше нормативті-құқықтық актілермен регламенттеледі, олар: ҚР «Атом энергиясын пайдалану туралы» және «Радиациялық қауіпсіздік жайлы» Заңы, «Атом энергиясын пайдаланумен байланысты, қызметтерді лицензиялау жайлы» Ережелері (ҚР Үкіметінің 12.02.98ж. № 100 Қаулысымен бекітілген) және «Ластанған және бүлінген жерлерді пайдалану, күзету және қайтарып алу туралы» (ҚР Үкіметінің 16.06.97ж. №976 Қаулысымен бекітілген). Осы құжаттарға сәйкес, ССП аумағында кез-келген қызмет атом энергиясын пайдалану бойынша қызмет болып лицензиялануы тиіс. ССП жерлері ядролық қаруды сынау зардаптарын жою бойынша барлық шараларды аяқталған соң және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен кешенді экологиялық зерттеулері аяқталған соң беріледі.
Қазіргі уақытта полигонның шекаралары мен негізгі сынақ алаңдары анықталып сол жерлерде радиоактивті ластанудан сақтану жайлы арнайы белгілермен белгіленген.
Аталған аумақта рұқсат етілмеген, басқаша айтқанда қажетті рұқсат беруші құжаттар алмаған шаруашылық қызметтер (пайдалы кенорындарын барлау және өндіру, мал бағу, шөп дайындау, геологиялық зерттеу, металлконструкцияларын бұзу және алып шығу) орын алған. Қазіргі уақытта бұл жердегі шаруа қожалықтарының бірде бірінде ҚР ЭМРМ АЭК лицензиясы жоқ. Осымен қатар, Шығыс-Қазақстан облысының аумағындағы көптеген шаруа қожалықтары жербөліністерін алса, ССП шегіндегі Павлодар және Қарағанды облысының аумағында орналасқан бірнеше ондаған қыстаулардың көбінде бұндай жербөліністері жоқ. Аталған жағдайдың тағы бір қауіптілігі – тұрғындардың қайта сәулелену мүмкіндігі бар.
Бұл мәселенің қиындығын ескере отырып, РҚЭИ ҚР ЭМРМ АЭК-не бұны шешудің бірнеше нұсқалары әзірленді және ұсынылды, оның ішіне тұрғындарды радиациялық-қауіпті аумақтардан көшірумен қатар, АЭК-нен шаруа қожалықтарының лицензияларын аларда, радиологиялық ілеспе жасау шартын қою.
Ескерту:
1998 жылғы 12 ақпандағы №100 «Атом энергиясын пайдаланумен байланысты, қызметтерді лицензиялау Ережесін бекіту жайлы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ҚР ЭМРМ Атом энергетикасы комитетінің лицензиялауына ядролық жарылыстар өткізілген жерлерде қызметтің барлық түрін жасауға болады. 2008 жылғы 19 мамырдағы №270 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында бекітілген «ядролық жарылыстар өткізулер нәтижесінде ластанған бұрыңғы сынақ алаңдары мен басқа да аумақтарда қызметтерді лицензиялау ережелерінде» аталған лицензияны алу тәртібі анықталған. 
Қазіргі уақытта ССП-да 50-ден аса шаруа қожалықтары, 100-ден аса қыстаулар қызмет жасайды, сонымен қатар 6 кәсіпорын пайдалы кенорындарын өндірумен айналысады.