«ҰЛТТЫҚ ҚАСІРЕТТЕН – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШҚА»

Қадыржанов Қ.Қ., Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Бас директоры

Полигон жабылғаннан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) Қазақстанның басқа да мамандарымен және халықаралық қоғамдық бірлестікпен бірлесе отырып, ССП және жақын жатқан аумақтың ағымдағы радиациялық ахуалына қатысты ауқымды ақпараттар алып отыр. Радиоактивті ластанған барлық маңызды деген телімдер анықталды, радиоактивті заттектердің ағымдағы және ықтимал деген жолдары анықталды. Алынған деректер бойынша, Шаған өзенінің әсер етуші аймағында өмір сүріп жатқан тұрғындарды алмағанда, қазіргі уақытта ССП оған жақын жатқан аумақта тұрып жатқан тұрғындарға кері әсер етпейді. ССП аумағындағы қызметтерге қатысты арнайы әзірленген ережелер мен заң нормаларын сақтау, ССП аумағында шаруашылық қызметті іске асыру барысында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Алайда, радиоэкологиялық ахуал тұрақты емес, радиоактивті заттектердің жылыстау процесі анықталды, ол өз кезегінде ССП радиациялық ахуалына тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін тудырады.

Лука

ССП ядролық қаруды жетілдіру және әзірлеуді қамтамасыз еткен, әлемдегі ең ірі үш ядролық полигонның бірі болған. ССП жасалған жұмыстар, 20-шы ғасырда халықаралық тарихи дамудың ортақ бағытын белгілеген маңызды фактордың бірі ретінде қомақты деңгейде, ұлы мемлекеттердің ядролық теңдестігін қамтамасыз етті. Шетелдік ұйымдардың ССП қызығушылығын ескере отырып, ССП нысандарының кешендеріне ЮНЕСКО-ның Табиғи және Мәдени Мұра Халықаралық Тізіміне енгізілген ескерткіш мәртебесін беру бойынша жұмыстарды бастаған жөн. ЮНЕСКО ескерткішінің мәртебесі, ССП қатысты асыра бағалау амалдарын және Қазақстандағы радиофобия деңгейін төмендтеуге және ұлттық мақтаныш деңгейін арттыруға мүмкіндік берер еді.
ССП аумағы радиоэкология, радиоактивті элементтер геохимиясы, радиобиология және т.б. саласында тәжірибелік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ығайлылығы тұрғысынан қайталанбас бірден-бір орын. ССП аумағында радиоэкологиялық бейінде халықаралық табиғи-ғылыми зертханаларды ұйымдастырудың болашағы барын ескеру қажет. Бұл бағыттағы алғашқы қадам, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының бейінді бөлімшесінің базасында радиоэкология саласында АТЭХАГ Коллаборациялық орталығын құру болып табылуы мүмкін.
ССП кейбір аумақтары қазіргі уақытта да, болашақта да дәстүрлі шаруашылық қызметіне жарамсыз болып қала береді. Алайда, аталған аумақтар атом кешені өндірісін орналастыру үшін табысты қолданылуы мүмкін. Қазақстан үшін көкейтесті мәселелердің бірі, Қазақстанда жинақталған радиоактивті қалдықтарды пайдаға асыру мәселесі болып табылады. Осыған байланысты, ССП аумағында радиоактивті қалдықтарды ұзақ мерзімде сақтау (көму) және қайта өңдеу бойынша Республикалық кешен құрған жөн.
Қазақстан экономикасы үшін өндірістік сипаттағы қомақты жетістіктерге жетуге қажетті ерекше сипаты мен қасиеттерінің мөлшері орын алғандықтан, қазіргі уақытта бұрыңғы Семей сынақ полигоны даму және оларды өз орнымен пайдаланудан әлемдік деңгейдегі ғылыми жетістіктерге жетуге алып келеді.