ССП «РАДИАЦИЯЛЫҚ» ТАРИХЫ

Семей сынақ полигонын құру туралы шешім КСРО МК және СОКП ОК Қаулысының шешімімен қабылданды. 1947ж. 21 тамызда Таулы сейсмикалық станса құрылды (905 нысан), ол 1948 жылы КСРО Қарулы күштер министрлігінің Оқу полигоны, кейіннен №2 (ГОС-ЦНИИП 2) Мемлекеттік орталық ғылыми-зерттеу сынақ полигоны болып ауыстырылды. 1948ж. 1 маусымда полигонның алғашқы бөлімшелері (52605 әскери бөлімі) шоғырлану аумағына қайта орналасуын бастады. Полигондағы сынақтарға дайындалу бойынша жұмыстар 1949 жылдың шілдесінде аяқталды.

 1949 жылы 29 тамызда сағат таңғы 7.00-де ойдағыдай сыналған кеңестік алғашқы ядролық бомба, 12.08.53ж. алғашқы термоядролық құрылғы, 29.11.55ж. сутекті бомба әлемдік ауқымдағы саяси және ғылыми-техникалық жаңалық болды. Бірқатар маңызды деген сынақтарды да айта кеткен жөн, олар: 1951 жылғы 18 қазандағы ұшақтан тасталған атом бомбасының сынағы; 1965 жылғы 15 қаңтардағы Шаған және Ащысу өзендерінің тоғысқан жерлерінде жасанды су қоймасын жасау мақсатындағы ұңғымада жасалған алғашқы өндірістік жарылыс. Барлығы 1949 жылдар мен 1989 жылдар арасындағы кезеңде полигонда 456 ядролық сынақ жасалды (616 ядролық жарылыс). Сынақтардың көбі 60-шы жылдардың басында жасалды, себебі атмосфералық жарылыстан жерасты жарылыстарына ауысу кезеңі болатын. Семей сынақ полигонындағы ядролық қаруды сынау кезеңін 2-ге бөлуге болады: 1-ші кезең – 1949-1962жж. аралығындағы атмосферада өткізілген ядролық жарылыстар; 2 кезең – 1961-1989жж. аралығында өткізілген жерасты (штольнялар мен ұңғымаларда) ядролық жарылыстары. Ядролық жарылыстан басқа полигонда жарылғыш химиялық заттектерді қолдана отырып 175 жарылыс жасалды. 
Полигонда келесі сынақ түрлері жасалды: 
- атмосфераның жербеткі қабатында ядролық зарядтар мен оқ-дәрі қорларына сынақтар жасау;
- ядролық жарылыстың әсер етуші факторларын зерттеу үшін өткізілген, жерасты және ауадағы ядролық жарылыстар, әскери техника мен қаруландыру үлгілерін сынау, ядролық жарылыстың әсер етуші факторларының бионысандар мен әскери мүліктерге, ғимараттарға, құрылыстарға, жеке құрамға әсерін сынау;
- ядролық зарядтар мен оқ-дәрі қорларына, іріауқымды сынақтарды әрлеушілер мен жерасты құрылғыларының тіреуіштерінің әртүрлі конструктивті шешімдері мен олардың технологиялық жабдықтарына штольняларда және басқа да нысандарда сынау үшін жерасты жарылыстарын жүргізу; 
- ядролық зарядтар мен оқ-дәрі қорларына, стратегиялық бағыттағы (шахталық іске қосу қондырғылары, сонымен қатар бірығайланған командалық бекеттегі зымырандармен) зымырандық әскерлердің нысандарына іріауқымды сынақтар жүргізу, ядролық қару-жарақтарды және олардың технологиялық жабдықтарын сақтаудың, мемлекеттік басқару бекеттерінің фрагменттерін сынау үшін ұңғымаларда жерасты жарылыстарын жүргізу;
- бейбіт мақсаттағы жерасты ядролық жарылыстары. Жерасты ядролық жарылыстарын жасанды су қоймаларын, каналдарын құруға, пайдалы жер қабаттарын іздеу барысында жер қыртысын сейсмикалық барлау жүргізу, жанып жатқан газдар мен мұнай бұрқақтары мен т.б. факелдарын сөндіру, жерасты резервуарларын құруды пайдалану технологиялары әзірленді. ССП қызметінің барысында өндірістік мақсатта 7 жерасты ядролық жарылыс іске асты. Жасанды су қоймасын («Атом көлі») жасау үшін арнайы өткізілген, 1004 ұңғымадағы жарылыс, оның зияны экономикалық тұрғыдан пайдасынан гөрі жерасты ядролық сынақтардың негізінде, өндірістік ядролық технологиялар келтіретін шығын басымдырақ болатынын көрсетті.
Жерасты және ауадағы (атмосфералық) ядролық жарылыстар «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында өткізілді. Штольнядағы сынақтар «Дегелең» таулы массивінің алаңында, ұңғымалардағы сынақтар «Балапан» «Сары-Өзен» алаңдарында өткізілді. «Ақтан-Берлі» алаңында толық емес тізбекті реакциямен сынақтар жасалса, «Телкем» алаңында өндірістік жарылыстар технологиясы жасалды. Полигон қызметінің аяқ кезінде «Новая» алаңы- ұңғымаларда жарылыстар өткізуге қосымша сынақ алаңына құру бойынша жұмыстар жасалды, бірақ ол жерде ядроылқ сынақтар жаслаған жоқ.
Қоршаған ортаға радиоактивті ластану тұрғысынан негізгі әсер еткен, жерүсті және ауадағы ядролық жарылыстар, ал экскавациялық (топырақ лақтырумен ұңғымалардағы таяз тереңдіктегі жарылыстар) жарылыстар аз дәрежеде әсер етті. Ұңғымалар мен штольняларда апаттық жағдайларды есептемегенде, қоршаған ортанының ластануы орын алған жоқ. 

Курчатов

Реакторлық сынақтар. 1958 жылдан бастап КСРО Министрлер Кеңесі ядролық зымырандық қозғалтқыш (ЯЗҚ) және ядролық энергоқозғалтқыштық қондырғылар (ЯЭҚҚ) құру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар қаулылар қабылдады. ЯЗҚ мен ЯЭҚҚ және олардың полигондағы жеке желілерін сынау үшін 1961 жылы жылу нейтрондарындағы импульсты графитті реактор (ИГР) іске қосылды. Басқа сынақтарды өткізу үшін 1962-1970 жылдары «Байкал-1» реакторлық кешені құрылды. 1975-1988 жылдары «Байкал-1» стенділік кешенінде ИРГИТ реакторлары (ЯЗҚ реакторының жетбетіндегі прототипі) мен ИВГ.1 реакторында ядролық энерго-қозғалтқыш қондырғылары (ЭҚҚ) мен ядролық зымырандық қозғалтқыштардың (ЯЗҚ) жылубөлуші құрастырғыштарын (ЖБҚ) сынау. 

ИГР реакторлы кешенінің көрінісі

«Байкал-1» раекторлық кешенінің көрінісі
ЖБҚ газсуытқыш мен ИРГИТ реакторларын «Байкал-1» стенділік кешенінде сынау, жылу ұстағыштың атмосфераға ашылған циклмен шығарылу бойынша сынақтар жүргізілді. Бұл сынақтарды өткізу барысындағы өнім бөлінісінің шығуының құрамы АЭС радиоактивті шығарындыларының (олардың қалыпты жұмысы кезінде) құрамына тең, ал Семей сынақ полигонының шекарасындағы экспозициялық доза қуаты 15-20 мкР/сағ. құрады, дәлірек айтқанда аталған жер үшін фондық құрылымына жақын. Көрсетілген кезең ішінде реактор қуаты 4,9-дан (min) 230-ға (max) МВТ дейін, атмосфераға шығу белсенділігіне байланысты, ИВГ.1 реакторының аталған уақытта 28 «ыстық» іске қосу іске асты. Барлығы 4 белсенді аймақтың құрамында 178 газсуыту ЖБҚ сыналды. 
ИГР реакторында твэлдер мен ЖБҚ әр типті ЯЗҚ мен ЯЭҚҚ реакторлары үшін және әртүрлі газтәрізді жылу ұстаушы газодинамикалық қондырғыларды (сутегі, азот, гелий мен ауа) пайдалана отырып әртүрлі сынақтар өткізілді. Газтәрізді жылу ұстаушылардың жабық шығарындыларының герметикті жүйесін ИГР стенділік кешенінде орын алуымен экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Істен шыққан жылу ұстаушы жабық шығарынды жүйесінің ыдыстарында, рауалы шекке дейін белсенділігі төмендегенге дейінгі аралықта сақталып отырады. 
Осылай, 1970-1980 жылдар аралығында сынақтар кезінде атмосфераға радиоактивті шығарындылар орын алған реакторлы кешендер ССП радиоактивті ластанудың екінші маңызды көзі болып табылды.

ССП демилитаризациялау. 1994-98 жылдардың аралығында ССП демилитаризациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, оның инфрақұрылымын жою бойынша жұмыстар жүргізілді. 1995 жылдың 31 мамырында «Дегелең» сынақ алаңында 108-К штольнясында соңғы ядролық құрылғыны жою бойынша жұмыстар жүргізілді, ол ядролық энергобөлініссіз арнайы химиялық жарылыс заттегін пайдалану арқылы жойылды. Құрылғының жойылу фактісі арақашықтықты бақылау әдісімен тіркелді. Ядролық қондырғыны жойғаннан соң, бес тәулік бойы жүргізілген радиациялық бақылау нәтижелері бойынша, штольня ішіндегі және порталындағы радиациялық ахуал табиғи фон деңгейінен асқан жоқ.  
1996-2000 жылдар аралығында «АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және ядролық инфрақұрылымды жою жайлы жаңа технологиялар министрлігі» арасындағы келісім шеңберінде «Дегелең» алаңындағы барлық 181 штольняны жабу бойынша жұмыстар жүргізілді, ол үшін бетонды тығын құру, сырттан және іштен жару үшін ұңғымаларды бұрғылау, салынған зарядты жару секілді әдістер қолданылды. Жою жұмыстарын жүргізу барысында бірқатар штольняларда сағалық алаңдарда ремедиациялық жұмыстар жүргізілді, осының есебінен «Дегелеңдегі» радиациялық ахуалды біраз жақсартуға алып келді. «Балапан» алаңында дайындалған, бірақ пайдаланылмаған 13 ұңғыма жойылды, сонымен қатар құрылықаралық баллистикалық зымырандарға арналған 12 шахталық іске қосу қондырғылары жойылды. ШІҚ жою үшін ЖЗ химиялық зарядтары пайдаланылды.