ӘРЗ сынау алаңдары («4А» және «4»)

«4» алаңның аумағындағы металл жарықшақ
"4А" алаңдағы радиоактивті ластанған телімдер

Ядролық жарылыстар – ССП аумағында жасалған сынақтардың жалғыз түрі ғана емес. 1953-1957 жылдары әскери радиоактивті заттектерді (ӘРЗ) сынау бойынша бағдарламалар іске асты. Әскери радиоактивті заттектерге сұйық немесе ұнтақ тәріздес радиоактивті рецептуралар жатты, олар өз кезегінде радиохимиялық өндірістік қалдықтардан дайындалды, немесе атом реакторында нейтрондармен арнайы дайындалған заттектерді сәулелендіру жолдарымен дайындалды. Олардың тиесілі белсенділігі бір литрге ондаған үлестен бірнеше кюрийге дейін құбылып отырды.

ӘРЗ сынау «Тәжірибе даласынан» тыс солтүстік шекараның жанында орналасқан «4» және «4А» алаңдарында өткізілді. ӘРЗ-ді шашу жеке снарядтарды жару, телімдерді миномет снарядтарымен атқылау, бомбардировщиктерден бомбаны тастау немесе ұшақтардан ӘРЗ шашу арқылы іске асты.

Соңғы кездері өткізілген зерттеулердің нәтижесінде алаңдардың аумағында ӘРЗ сынау барысында пайдаланылған жеке металл фрагменттері табылды, сонымен қатар ауқымды радиоактивті ластанған 30-дан аса телім анықталды. Негізгі ластаушы 90Sr радионуклиді болып табылады, оның тиесілі белсенділігі топырақ жамылғысында 5*108 Бк/кг-ға дейін жетті және онда басқа да радионуклидтер (239+240Pu,  152Eu, 154Eu,  137Cs, 241Am, 60Co изотоптары) орын алған. Алаңның радиоактивті ластанған телімдері жүзден бастап жүздеген мың квадрат метрге дейін жетеді, ал кейбірі бірнеше километрге дейін созылған. Топырақ-өсімдік жамылғысындағы радионуклидтердің құрамын шама бойынша радиоактивті қалдықтармен салыстыруға болады.