Пайдалы қазба байлықтарды барлау және өндіру

30-шы жылдардан бастап, Семей сынақ полигоны, пайдалы кенорындарын іздестіруге ыңғайлы орын ретінде қарастырылды. Бұл жерден: вольфрам, бериллий, темір, флюорит табылды. Ядролық қару сынақтарын өткізу басталған кезде геологиялық барлау жұмыстары тоқтатылды. ССП жабылған соң, 1991 жылға дейін әскери полигон болған аумақ, қойнауларындағы байлықтарды зерттеу және пайдалану бойынша қызығушылық туғыза бастады. Қазіргі уақыттағы геологиялық барлау деректері бойынша ССП алтын, мыспорфирленген (мыс, молибден, алтын), сирек металды рудаландыру (вольфрам, молибден), таскөмір өндіретін телімдер анықталды. Келешекте бұрын аз зерттелген ССП аумағы лайықты инвестициялау барысында, Қазақстан минералды ресурстарды өндіру бойынша стратегиялық маңызды нысан болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ССП аумағында келесі пайдалы қазба байлықтарды өңдеу және өндіру жұмыстары іске асып жатыр, олар: алтын, марганец, флюорит, тас көмір, мыс, молибден.

Қаражал» флюорит кенорны, Дегелең таулы массивінің ауданында орналасқан. Бұл Қазақстан Республикасы аумағындағы жалғыз кенорын болып табылады, бұрын бұл минералды шикізат елімізден тыс жерден әкелінетін. Шығарылып жатқан рудаларды өңдеу үшін Курчатов қ. аумағында 2007 жылы кенбайыту фабрикасы салынып іске қосылды. «Қаражыра» таскөмір кенорны «Балапан» сынақ алаңының ауданында, ССП оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Кенорнының аумағы 2574,7 га-ды, бекітілген көмір қоры 1,2 млрд. тоннаны құрайды. Өндіріліп жатқан көмірдің мөлшері – жылына 3 млн. тонна. Кенорынды өндіру түрі – ашық, аракідік қопсытуға бұрғылау-жару жұмыстарын пайдаланады. Өндіру жүйесі – көлік арқылы, сыртқы және ішкі ернеуден қопсытылған жыныстарды тасу арқылы іске асады. Разрезден көмірді жеткізу тәсілі – «Дегелең» стансасына дейін теміржолмен және автомобильмен тұтынушыға дейін көлікпен жеткізу арқылы іске асады. «Шорское» мыс-молибден кенорны, бұрыңғы Семей сынақ полигонының, «Балапан» сынақ алаңының ауданында орналасқан. Кенорнының аумағы 550 га құрайды. Руданы аршу тәсілі – ашық, аракідік қопсытуға бұрғылау-жару жұмыстарын пайдаланады. Өндіру жүйесі – көлік арқылы, сыртқы және ішкі ернеуден қопсытылған жыныстарды тасу арқылы іске асады. Қазіргі уақытта бұрыңғы Семей сынақ полигонының аумағында бұлардан басқа, «Найманжал» алтын кенорынын өңдеу жұмыстары жүргізілуде, «Балтемір» мен «Қосқұдық» алтын кенорындарын геологиялық барлау жұмыстары жасалуда, сонымен қатар «Жақсытұз» өзенінде ас тұзын өндіру және «Ковыльное» мен «Придорожное» кенорындарында құм-қиыршықтас кенорындарын барлау жұмыстары жүргізілуде.