Қарағайлы орман тізбегінің радиоэкологиялық ахуалы

Ертіс бойындағы қарағайлы орман тізбегі Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында, Қазақстанның екі облысыны4 – Шығыс-Қазақстан, және Павлодар облыстарының аумағында орналасқан, өз кезегінде жалғыз және қайталанбас байлығы. Бұндай, климат реттеуші, санитарлық-гигиеналық, топырақ қорғаушы және су қорғаушы қызметтерін атқаратын табиғи уникуум аналогы, тек Канадада ғана бар. Қарағайлы орманның жалпы аумағы 870,5 мың га құрайды. Орманқұраушы түр – кәдімгі қарағай (Pinus silvestris). Бұл ормандар көне заманғы болып табылады және үлкен экологиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы бар. ССП атмосфералық ядролық сынақтар өткізу барысында, сынақ өткізілген жерден солтүстік, солтүстік-батыс, батыста орналасқан қарағайлы орман тізбектері бірнеше рет радиоактивті ластану әсеріне ұшырады. 12 жерүсті және 28 әуедегі ядролық сынақ жарылыстардың бұлттарының траекториялары аталған аумақтардың үстінен өтті. Жергілікті өткізілген, төрт ядролық сынақтың (9.08.49, 29.07.55, 07.08.62, 26.11.62 жж.) жоғары доза қуаты тіркелді. Аталған сынақтар жергілікті радиоактивті ластануға үлесін қосуы мүмкін деген жорамал бар. Алғашқы ядролық сынақ (29.08.49ж.) қарағайлы ормандардың аумақтарының радиоактивті ластануына қомақты үлесін қосты. Радиоактивті ластануға Семей облысының Новопокровка және Бесқарағай аудандары және Алтай өлкесінің бірнеше аудандары ұшырады. Қарағайлы орман тізбектерінің екінші рет радиоактивті ластануына алып келген сынақ, 1962ж. 7 тамызда жасалды, ол уақытта күтілген әуедегі ядролық сынақтың орнына жерүсті жарылысы орын алды,ол өз кезегінде Алтай өлкесіне қарай бағытталған жергілікті жердің радиоактивті ластануына алып келді.

2006ж. «Республика аумағының ормандылығын арттыру және ормандарды сақтау» бағдарламасы шеңберінде, Ертіс жағалауы бойындағы қарағайлы орман аумағын радиологиялық зерттеу жұмысы орындалды. Зерттеу нысандары ретінде топырақ-өсімдік жамылғысы, сонымен қатар қарағайлы орман өсіп жатқан аумақтағы ағаш материалдары болып табылды.

Табиғи ортаның нысандарындағы радионуклидтердің жоғары құрамы шектелген бағыттағы: солтүстіктен – Курчатов-Кіші Владимировка, оңтүстіктен – Шаған-Жыланды аумақтарында анықталды. Топырақтағы радионуклидтердің тиесілі белсенділігі: 137Cs