Елді-мекендердің радиоэкологиялық ахуалы

Сынақтар өткізу барысында, бұрыңғы ССП аумағынан тыс жерлерге радиоактивті түсу іздерінің таралуына байланысты, полигон жабылған соң полигонға жақын жатқан елді-мекендердің радиациялық жағдайын тиянақты зерттеу қажеттілігі туды. 1990 жылдан бастап, Ресей Федерациясы, АҚШ, Австрия, Франция, Чехия, Словения, Германия, Жапония, Қазақстан мамандарымен, сонымен қатар АТЭХАГ, НАТО және т.б. халықаралық ұйымдарымен бірлесіп осы тақырыпта зерттеулер жасалды. Өткізілген ядролық сынақтардың ұзақмерзімді зардаптарын бағалау үшін, Шығыс-Қазақстан, Павлодар мен Қарағанды облыстарының 600-ден аса елді-мекендердің (қыстау, жайлау, поселкелер) аумақтарында, топырақ, өсімдік, су, ауа ортасына өткізілген радиологиялық зерттеулер жасалды. Радиациялық жағдайды сипаттайтын параметрлер зерттелді, олар: гамма-сәулеленудің экспозициялық (эквивалентті) дозасының қуаты (ЭДҚ); адамның ағзасындағы және табиғи ортадағы техногенді радионуклидтердің (цезий-137, стронций-90, плутоний-238, плутоний-239, 240, полоний-210, америций-241) құрамына зерттелді. Алынған деректер Австрия, Франция, Словения, АҚШ тәуелсіз зертханаларымен, сонымен қатар АТЭХАГ зертханаларымен тексерілді.  Алғашқы, толығырақ және мақсатты деген зерттеу Семей полигонының маңайында 1990-1992жж., Хлопин ат. Радий институтының (Ленинград қ., қазіргі Санкт-Петербор), Мәскеу инженерлік-физикалық институтының және «Аэрогеология» ӨГБ кешенді аэросурет экспедициясының қызметкерлері жерүсті және авиациялық техникалық құралдармен жүргізілді. Зерттеулер экспозициялық доза қуатын (ЭДҚ) анықтау, радионуклидтермен өсімдік пен топырақтың жерүсті ластану тығыздығынын және судағы 90Sr және 137Cs құрамын анықтау бойынша жүргізілді; атмосфералық ауадан аэрозоль сынамалары алынды, үйлердегі радон құрамы өлшенді. Полигонның шекараларына жақын жатқан елді-мекендердің (Долонь, Қайнар, Саржал, Қарауыл, Мостик, Майское, Егіндібұлақ және Шаган) радиациялық жағдайына үлкен ауқымды зерттеулер жасалды. Аэро-және жерүсті әдістердің көмегімен жалпы аумағы >30 мың км2 болатын аумаққа зерттеу жасалды. Жұмыстарды жүргізу барысында басты назар, жерүсті сынақтар жүргізілген жерден 100-200км арақашықтықта жатқан және басқаларынан гөрі радиоактивті түсулердің әсеріне көбірек ұшыраған бес елді-мекенге (Долонь пос., Мостик, Қайнар, Карауыл, Саржал) аударылды. Аталған жұмыстар өткізу барысында жасалған негізгі нәтижелерде келесілер көрсетілді: «Семей полигонының аймағындағы радиациялық жағдай, бұрыңғы өткізілген атмосфералық сынақтардан кейінгі ауқымды түсулермен шартталған. ЭДҚ нақты мәнін және ластану тығыздығын ескере отырып, полигон шекараларына жақын өмір сүріп жатқан тұрғындарға қосымша ортажылдық >1 мЗв тиімді сәлелену дозасын қазіргі уақытта қабылдап отыр. Алайда, Долонь пос. l37Cs және 90Sr бойынша ластану тығыздығы 1 Ки/км2  кем емес, поселке аймағында плутонийді, оның ареалына жете түсіру жұмыстарын жүргізу қажет, сонымен қатар іздің өзін контурлау және топырақтағы плутонийді табу формасын анықтау қажет. Бұл, поселкенің радиоактивті түсу іздерінің аймағында 1949ж. жатқанына байланысты, оның шетінде және оның ареалында солтүстіктен және солтүстік-батыстан сынамалар қатары бойынша плутониймен ластану тығыздығы 0,1 Ки/км2 жоғары деңгейде. Жергілікті өндіру мен қосалқы телімдердегі азық-түлікке радиохимиялық талдама жасау орынды. 1993-1994жж. ССП шегінен тыс жердегі елді-мекендерді, АТЭХАГ екі миссиясы барысында П.Стегнердің жетекшілігімен екінші рет жете зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның құрамына Қазақстан Республикасының, Ресей федерациясы, АҚШ, Франция және Ұлыбритания өкілдері енді. Миссияның мақсаты:

  • Полигонға жақын жатқан аудандардағы радиоэкологиялық жағдайды қолда бар дозиметриялық ақпаратты ескере отырып бағалау;
  • Семей облысының тұрғындарының ластануы мүмкін дозасын анықтау.

Негізгі жұмыстар Малдар, Долонь, Саржал, Қайнар, Ақжар, Сарапан елді-мекендерінде орындалды. Екінші миссияның қорытынды есебінде: «Көптеген аудандардағы гамма-сәулелену дозасының қуаты және қоршаған ортаның ластану деңгейі қарапайым ауқымды деңгейге өте жақын. Кейбір аудандарда сәл жоғарылау екені байқалады, бірақ ол жергілікті халықтың сәулелену тұрғысынан қарағанда болымсыз. Долонь поселкесінде, басқа елді-мекендерге қарағанда, плутоний бойынша өте жоғары деңгей орын алған. Алайда, жылдық доза шамасы (0,13 мЗв жылына) төмен деңгейде...» делінген. Үшінші зерттеуді тоғыз европалық сараптамашы (Франция, Чехия, Германия) 1995-1996жж., НАТО қаржылай көмегімен өткізді. Оның алдыңғыларынан айырмашылығы, радиациялық жағдайды зерттеуге қосымша, ССП жақын жатқан (Мостик, Май, Долонь) елді-мекендерде тұрып жатқан, адамдардың ағзасындағы радионуклидтердің құрамын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл зерттеулердің нәтижелері: «Ядролық қаруды сынау салдарынан кейін топырақтың беткі қабатының радиоактивті ластануы негізінен тоқтатылды. Сыртқы көрінісі, жалпы алғанда табиғи көрініске сәйкес келеді. Адамдардың ағзаларындағы ұзақ өмір сүруші радионуклидтердің қалдықтары кішігірім және 1995 жылы радиациялық жүктемеге 90Sr және 137Cs арқылы табиғи фоннан барлығы 1% құрайды. Адамдардың ағзасы арқылы 239Pu түсуі радиациялық жүктеме жайлы мәселе ашық түрде қалатынын» көрсетті. Бұл жерде айта кету қажет, ССП аумағына жақын жатқан елді-мекендердің қазіргі уақыттағы радиоэкологиялық ахуалын зерттеу мәселесін зерттеумен, осы уақытқа дейін Ұлттық ядролық орталықтың, Радиациялық қауіпсіздік және экология институты айналысып келеді. Жоғарыда аталғандардың зерттеулерінен айырмашылығы, институт қызметі тек қана тікелей елді-мекендерді ғана емес, ССП жақын жатқан барлық аумақты зерттеуге бағытталған. Осындай, радиоэкологиялық толығырақ зерттеу жұмыстары Павлодар облысының Май ауданының, Шығыс-Қазақстан облысының Абыралы және Бесқарағай аудандарында жүргізілді. Жұмыстар жүргізу барысында, сыртқы сәулелену ғана емес, сонымен қатар радионуклидтің ішкі түсу аумағы мен сипаты зерттелді. Алынған нәтижелер, техногенді радионуклидтерден, аталған аумақта тұрып жатқан тұрғындарға деген дозалық жүктемесін толық есептеуге мүмкіндік берді, оның диапазоны қазіргі уақытта 0,03-0,6 мЗв жылына, деңгейінде жатыр және рауалы мәннен бірнеше есе төмен. Ғалымдармен жасалған түйінді ортақтаса отырып, келесілерді айта кету қажет:

  1. Зерттелген техногенді радионуклидтердің ішінде негізгі үлесті сыртқы дозаға цезий-137 қосады.
  2. Ядролық сынақтар өткізілген кейін радиоактивті түсулер іздері қалған жерлерде орналасқан елді-мекендерде (Мостик, Долонь, Саржал, Қайнар) радиациялық параметрлердің мәні көбірек тіркелген.
  3. Адамдардың ағзаларындағы ұзақ өмір сүруші радионуклидтердің қалдықтары кішігірім және радиациялық жүктемеге 90Sr және 137Cs арқылы табиғи фоннан барлығы 1% құрайды
  4. Қазіргі уақытта, талдамалардың құнының жоғары болуына байланысты радиациялық қауіптілігі жоғарырақ радионуклид - плутоний бойынша жағдай толық зерттелген жоқ. Қолда бар зерттеулер, плутоний-239+240 құрамының ССП тыс жерлердегі радиоактивті түсу іздерінде орын алуы, ауқымды түсу фонынан бірнеше есе жоғары екенін көрсетті.
  5. Зерттелген елді-мекендердегі радиациялық жағдай әртүрлі, алайда орын алған нормалар тұрғысынан қауіпті емес. Сыртқы сәулелену дозасы фондық мән деңгейінде. Ішкі сәулелену дозасының алынған мәні рауалы деңгейден аспағанын көрсетті, алайда аталған мәселе зерттеулердің елді-мекендерге ғана емес, әр адамға жеке түрде зерттеулер жасауға қолдану қажет.