ССП ЖАҚЫН ЖАТҚАН АУМАҚТАРДЫҢ РАД

Ядролық сынақтардан кейінгі радиоактивті бұлттардың қозғалысының траекториясы (1949-1960) жж.

Полигонда өткізілген сынақтар, полигон аумағының ластануын ғана емес, одан да тыс жерлерге ластанудың таралуына әсер етті.

Жерүсті сынақтарынан кейінгі ауқымды ластанудан басқа, полигон аумағынан тыс жерлер, солтүстік бөліктегі өткізілген барлық биіктегі ядролық сынақтар өткізу барысында қалыптасқан ауқымды ластануға ұшырады.
Ядролық қаруды сынау жұмыстары аяқталған соң, қоршаған ортаның радиоактивті ластану дәрежесін және ауқымын нақтылауға бағытталған бірқатар жұмыстар, сонымен қатар полигон қызметінің нәтижесінен тұрғындардың денсаулығына келтірілген зиянды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы зерттеулер нәтижесінде полигон аумағынан тыс жерде табиғи орта нысандарының радиоактивті ластану деңгейі қазіргі кезде ауқымды фон деңгейінен аспайды және тұрғындар үшін қандай да бір қауіп тудырмайды деген баға берілді. 
бірнеше ондаған қыстаулардың көбінде бұндай жербөліністері жоқ. Аталған жағдайдың тағы бір қауіптілігі – тұрғындардың қайта сәулелену мүмкіндігі бар.
Бұл мәселенің қиындығын ескере отырып, РҚЭИ ҚР ЭМРМ АЭК-не бұны шешудің бірнеше нұсқалары әзірленді және ұсынылды, оның ішіне тұрғындарды радиациялық-қауіпті аумақтардан көшірумен қатар, АЭК-нен шаруа қожалықтарының лицензияларын аларда, радиологиялық ілеспе жасау шартын қою.
Ескерту:
1998 жылғы 12 ақпандағы №100 «Атом энергиясын пайдаланумен байланысты, қызметтерді лицензиялау Ережесін бекіту жайлы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ҚР ЭМРМ Атом энергетикасы комитетінің лицензиялауына ядролық жарылыстар өткізілген жерлерде қызметтің барлық түрін жасауға болады. 2008 жылғы 19 мамырдағы №270 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында бекітілген «ядролық жарылыстар өткізулер нәтижесінде ластанған бұрыңғы сынақ алаңдары мен басқа да аумақтарда қызметтерді лицензиялау ережелерінде» аталған лицензияны алу тәртібі анықталған. 
Қазіргі уақытта ССП-да 50-ден аса шаруа қожалықтары, 100-ден аса қыстаулар қызмет жасайды, сонымен қатар 6 кәсіпорын пайдалы кенорындарын өндірумен айналысады.


Мысалы, ядролық сынақтар өткізу барысында, бірнеше рет радиоактивті ластанған Черемушки, Мостик, До-лонь және Бөдене елді-мекендерінің аумақтарын зерттеу барысында, 137Cs (20 Бк/кг) және 90Sr (9,8 Бк/кг) радионуклидтерімен максималды ластануы ауқымды түсулер фонының деңгейінен, 9 Бк/кг және 15 Бк/кг-ға тең деңгейден аспағанын көрсетті. Жасанды пайда болатын, ұзақ өмірсүруші радионуклидтердің құрамы суда, ауада және тағам өнімдерінде Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтерінен аспайды. Қазіргі уақытта зерттелген аумақтардағы радиациялық ахуал қалыпты және тұрғындар үшін қауіп төндірмейді. 
Зерттелген елді-мекендердің тұрғындарының сыртқы және ішкі тиімді сәулелену дозасы техногенді ластанулар есебінен жылына 1 мЗв-тен аспайды.