ШАҒАН ӨЗЕНІ

Шаған өзені ССП шегіндегі жалғыз жерүсті ағын суы болып табылады. Ол ССП шығыс шекарасы бойымен ағады және Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы саласы болып табылады. Өзен арнасының ұзындығы 275км, орташа еңістігі шамамен 0,003 құрайды, ал әртүрлі телімдерде ол қомақты өзгереді. Балапан алаңының шегінде өзен арнасы – шамамен 50км, ал көлбеулік бұрышы орташа 0,002 тең. Сынақ ұңғымалары орналасқан, сол жақтағы су жинаушы бөлігіндегі алаң, шамамен 900 км2 құрайды.
2006 жылы ССП су ортасына радиоэкологиялық зерттеулер өткізу барысында Шаған өзенінің ядролық жарылыстардың радиоактивті өнімдерімен ластанғаны анықталды. Тритий негізгі радиоактивті ластаушы болып табылады. Тритийдің максималды мәні «Атом» көлінен 4,7км аралықтағы суда 40*104 Бк/л болып белгіленген, бұл деңгей ауыз суға арналған рауалы деңгейден 50 еседей жоғары. «Атом» көлінен алыстаған сайын Шаған өзенінің суларындағы тритийдің шоғырлануы біртіндеп төмендейді де, Ертіс өзенімен тоғысқан телімде тритийдің құрамы 10 Бк/л тең және жабдықтарға қолданатын АДҚ деңгейінде қалған. Гидрогеологиялық, гидрологиялық және геофизикалық зерттеулерді қоса алғанда кешенді әдістермен, Шаған өзенінің тритиймен ластануы Балапан алаңындағы жерасты суларының жүктемелеріне байланысты екені анықталды.
2007 жылы өзенге қосымша зерттеу жүргізу барысында, тритийден басқа өзеннің беткі суларында 90Sr анықталды, ал түптік шөгінділерде 60Co, 152Eu, 154Eu және 137Cs табылды. Судағы 90Sr шоғырлануы, РҚН-99 бекітілген, аталған радионуклидтің тағаммен және сумен түсуі барысында тұрғындар үшін араласу деңгейімен салыстырмалы түрдегі деңгейіне жеткенін айта кету қажет. Өзен суында тритий мен 90Sr бөлінісінің сипаты бойынша, аталған радионуклидтер түсу көздері мүлде әртүрлі. Осылайша, өзендегі тритийдің орын алуы түсінікті болғанымен, өзен суларына 90Sr түсу мәселесі әлі түсініксіз. Өзен суындағы 90Sr шоғырлану деңгейінің жоғарылау себебін және жолдарын анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет. 90Sr түсуі мүмкін деген механизмдері: жерасты суларымен түсуі, беткі жуылу, атмосфералық жауын-шашындардың әсерінен «Атом» көлінің техногенді ластанған топырағынан 90Sr шайылуы болып табылады.
Жағдайдың ушығуына, Шаған өзенінің жағалаулы аймағы шегінде қазіргі уақытта жайылымда мал өсіру жұмысы және азықтық жем-шөптерді дайындау жұмыстары жүргізілуіне байланысты туындап отыр. Өзеннің жағалауындағы өсімдіктерінде де тритийдің жоғары дәрежеде - 24000 Бк/л-ге дейін шоғырлану дерегі анықталған. Шаған өз. жағалауында орналасқан, шаруа қожалықтарынан алынған малөсіру шаруашылығының өнімдерінде тритий құрамы анықталды. Сүттегі тритийдің құрамы 5,0*103 Бк/л-ге дейін жетеді, бұл көрсеткіш рауалы мәннен аспайды, бірақ бұл мәселені мұқият зерттеуді талап етпейді, себебі Шаған өз. суларында тритийдің шоғырлануы кең мәнді диапазонда өзгеруі мүмкін.