ССП СУЛЫ ОРТАСЫ

1 Ауқымды сарқынсыз қазан

ССП аумағы Ертіс өзенінің сол жақ жағалауының аймақтық гидрологиялық жүйесінің құрамына кіреді. Жерасты суларының негізгі бағыты солтүстік-солтүстік-шығыс бағыттар. Жерасты суларының жүктеме ауқымы Ертіс өзені болып табылады.
ССП қазіргі уақыттағы сулы ортасының радиоактивті ластануы жайлы, полигонның негізгі алаңдарындағы жерүсті және жерасты суларындағы техногенді радионуклидтердің максималды мәнде шоғырлануы кестеде көрсетілген.
Дегелең алаңдары. Массив шегінде жерасты суларының негізгі екі типі ерекшеленеді, олар өзара – сызаттық сулар мен қуыстық сулар. Қуыстық сулар, Дегелең тауларынан бастау алып, жазықтыққа кеңінен таралады. Екінші типке экзогенді сызаттық аумақтардағы сызаттық сулар жатады және олармен гидравликалық байланысқан, бөлінгіш бұзылулар аймағымен байланысты, сызаттық-тамырлы сулар жатады.
ЖЯЖ өткізу тау массивінің қомақты пішінсізденуіне алып келді, бұл өз кезегінде көптеген бөлшектенген аймақтардың, ойық шұңқырлардың және көрініп тұрған сызаттардың пайда болуына алып келді. Атмосфералық жауын-шашындардың және сызаттық-тамырлы сулардың бөлшектену аймағына және шұңқырдың аузына түсуінен, штольнялық сулардың радионуклидті құрамының қалыптасуына алып келеді. Сызаттар жүйесі мен штольняның аузындағы жолдармен аға отырып, радионуклидті ластанған сулар жерасты суларының бассейндерін толтырады немесе штольняның порталы ауданында жер бетіне шығады.
Дегелең таулы массивінің радиоактивті ластануының айрықша ерекшеліктері:
1. Штольнялық ағын сулар. Барлық штольнялық ағын сулар техногенді радионуклидтермен ластанған. Көптеген ағын судағы радионуклидтердің шоғырлануы, РҚН-99 бекіткен, аталған радионуклидтердің тұрғындарға арналған (АД тұрғ.) тағамдармен және сумен түсу барысындағы араласу деңгейінен асады. Штольнялық сулардың негізгі радиоактивті ластаушысы 90Sr болып табылады.
2. Жерасты сулары. Жерасты суларында 137Cs, 90Sr және 239+240Pu шоғырлану мәні АД тұрғ. деңгейінен аспайды. Жерасты суларының негізгі ластаушысы тритий болып табылады. Жерасты суларындағы тритийдің шоғырлануы таулы массивтің шегінде және оның шекарасынан тыс жерлерде АД тұрғ. қомақты түрде жоғары. Дегелең тауларынан тыс жерлерде ағын сулардағы тритийдің таралу сипаты аз зерттелген. Тритийдің максималды 260 кБк/л-ге дейін мәні, оңтүстік-шығыс бағыттағы жерасты суларында белгіленген, ол Байтілес жылғасының жазығында таралған. Аталған бағыттағы қосымша зерттеулер, Дегелең тауынан 10км бағытта алыстаған кезде де, жерасты суларындағы тритийдің шоғырлануы өте жоғары болып қалады және 70 кБк/л-ге жетеді, ол дегеніңіз ауыз суға арналған рауалы шектен 10 есеге жоғары.
Экскавационды ЖЯЖ. ССП аумағындағы Балапан алаңынының №1004 «әскери» ұңғымасында және Телкем алаңындағы үш: 2305, 2306, 2307 ұңғымаларында ЖЯЖ экскавациялық жарылыстары өткізілді. Кестеде судағы техногенді радионуклидтердің шоғырлануы бойынша қолда бар деректер көрсетілген. Ядролық экскавациялық жарылыстар өткізілген аудандарда жерасты және жерүсті суларының радиоактивті ластану сипатының өз ерекшеліктері бар. Мысалға, №1004 ұңғымада өткізілген жарылыстың қуаты (170 кт) Телкем-2 өткізілген жарылыстың қуатынан (0,24 кт-дан үш заряд қуатының бір мезгілде жарылуы) едәуір жоғары болса да, Телкем-2 өзеніндегі жерүстіндегі судағы 90Sr және 239+240Pu шоғырлану мәні «Атом» көлінің суында бірнеше есе жоғары. Екінші жағынан, «Атом» көліндегі судағы тритийдің шоғырлануы, Телкем-2 өзеніндегі суда 10 есе жоғары. Осылай бола тұра, «Атом» көліндегі суда радионуклидтердің шоғырлануы ауыз суға арналған рауалы шектен аспайды.
Балапан алаңы. Жерасты суларындағы 137Cs және 90Sr жоғары дәрежеде шоғырлануы, тек қана тікелей «әскери» ұңғымалардың жанында орын алған. Зерттелген көптеген сынамалардың нәтижесі бойынша, «әскери» ұңғымалардың аузынан 300м дейін аралықта алыстау барысында, радионуклидтердің шоғырлануы, қолданылатын жабдықтың минималды детектірленген белсенділігіне (МДБ) дейін төмендейді. Осыған байланысты, жерасты суларындағы 137Cs және 90Sr техногенді радионуклидтердің бөлінісінің сипатында қандай да бір ерекшелік, олардың төмен шоғырлануы себепті әлі байқалған жоқ. Солай бола тұра, жерасты суларындағы сынамада тритийдің шоғырлануы МБД-дан мәнге, аталған радионуклидтің ауыз су үшін арналған рауалы деңгейінен 500 есеге дейін жоғары. Жалпы, Балапан алаңындағы тритийдің аймақтық бөлінісінің сипаты анықталды. Аймақтық опырылудың әсер етуші аймағында және жартастың іргетасының бедерінде бөлектенген ойпаттарында, сазбен толтырылған телімдердегі радионуклидтердің қомақты құрамы көбірек екені белгілі. Жерастындағы суларда тритийдің жоғары дәрежеде шоғырлануының кеңістікте орналасу аймағы суретте көрсетілген.
ССП негізгі тәжірибелік алаңдарынан тыс жерлердегі жерасты сулары. ССП зерттелмеген телімдеріндегі жерасты суларында радионуклидтердің жылыстау процесін зерттеу үшін, сонымен қатар су пайдалану нысандарындағы ауыз су сапасын бағалау үшін, 2007 жылы жерасты сулары зерттелмеген жерлердегі 200-ге тарта құдықтар мен ұңғымалар, сонымен бірге мемлекеттік мониторинг желісінің бірнеше ұңғымалары сыналды. Аталған телімдердегі жерасты суларында техногенді радионуклидтің шоғырлануы МДБ аспайтынын көрсетті. Кейбір жағдайда ұңғымалар мен шұңқырларда тритийдің жоғары дәрежеде шоғырланған, АД тұрғ. құрамы қомақты. Суретте жерасты суларының сынамаларын алу нүктелері көрсетілген және су сынамаларын тритийдің шоғырлану мәні, сынақ алаңдарынан тыс жерлерде радионуклидтердің жылыстау жолдарын зерттеу тұрғысынан қызығушылық туғызады. Дегелең алаңы мен Саржал а. аралығында орналасқан ұңғымалардағы жерасты суларында тритийдің жоғары мәні (300Бк/л дейін) тіркелген. Балапан алаңы мен Шаған өзеніне қарай Ұзын-Бұлақ жылғасының арнасы бойымен радионуклидтердің тасымалдануы арқылы, Дегелең алаңында көздердің ластануы мүмкін. Ертіс өзені суындағы тритийдің фондық деңгейі жайлы бұрын өткізілген барлық зерттеулерде тіркелген.
Жерасты суларының химиялық құрамын зерттеу жұмыстары, көптеген ауыр металлдардың шоғырлануы ауыз суға арналған рауалы шектен әртүрлі дәрежеде жоғары.

Горный массив Дегелен. Схема расположения гидрологических скважин Цифрами указано содержание трития (кБк/л)

Экскавационды ЖЯЖ. ССП аумағындағы Балапан алаңынының №1004 «әскери» ұңғымасында және Телкем алаңындағы үш: 2305, 2306, 2307 ұңғымаларында ЖЯЖ экскавациялық жарылыстары өткізілді. Кестеде судағы техногенді радионуклидтердің шоғырлануы бойынша қолда бар деректер көрсетілген. Ядролық экскавациялық жарылыстар өткізілген аудандарда жерасты және жерүсті суларының радиоактивті ластану сипатының өз ерекшеліктері бар. Мысалға, №1004 ұңғымада өткізілген жарылыстың қуаты (170 кт) Телкем-2 өткізілген жарылыстың қуатынан (0,24 кт-дан үш заряд қуатының бір мезгілде жарылуы) едәуір жоғары болса да, Телкем-2 өзеніндегі жерүстіндегі судағы 90Sr және 239+240Pu шоғырлану мәні «Атом» көлінің суында бірнеше есе жоғары. Екінші жағынан, «Атом» көліндегі судағы тритийдің шоғырлануы, Телкем-2 өзеніндегі суда 10 есе жоғары. Осылай бола тұра, «Атом» көліндегі суда радионуклидтердің шоғырлануы ауыз суға арналған рауалы шектен аспайды.

Ұңғымалар: 1 – гидрогеологиялық; 2 - гидрогеологиялық, режімдік бақылауларға жарамды; 3 – гидрогеологиялық, режімдік бақылауларға жарамсыз; 4 –әскери ұңғымалар Сарыөзен телімі. Ұңғыманың орналасу сұлбасы Балапан алаңы. Жерасты суларындағы 137Cs және 90Sr жоғары дәрежеде шоғырлануы, тек қана тікелей «әскери» ұңғымалардың жанында орын алған. Зерттелген көптеген сынамалардың нәтижесі бойынша, «әскери» ұңғымалардың аузынан 300м дейін аралықта алыстау барысында, радионуклидтердің шоғырлануы, қолданылатын жабдықтың минималды детектірленген белсенділігіне (МДБ) дейін төмендейді. Осыған байланысты, жерасты суларындағы 137Cs және 90Sr техногенді радионуклидтердің бөлінісінің сипатында қандай да бір ерекшелік, олардың төмен шоғырлануы себепті әлі байқалған жоқ. Солай бола тұра, жерасты суларындағы сынамада тритийдің шоғырлануы МБД-дан мәнге, аталған радионуклидтің ауыз су үшін арналған рауалы деңгейінен 500 есеге дейін жоғары. Жалпы, Балапан алаңындағы тритийдің аймақтық бөлінісінің сипаты анықталды. Аймақтық опырылудың әсер етуші аймағында және жартастың іргетасының бедерінде бөлектенген ойпаттарында, сазбен толтырылған телімдердегі радионуклидтердің қомақты құрамы көбірек екені белгілі. Жерастындағы суларда тритийдің жоғары дәрежеде шоғырлануының кеңістікте орналасу аймағы суретте көрсетілген.

«ССП суларындағы радионуклидтердің құрамының» кестесі

 

Нысан

Су типтері

Радионуклидтердің тиесілі белсенділігі, Бк/л

137Cs

90Sr

3H

239+240Pu

Дегелең алаңы

Штольнялық сулар

1070

2100

1430000

110

Қайнарлардың сулар

7,0

3,0

190000

0,15

Жерасты сулары

1,0

3,0

260000

0,12

Телкем алаңы

Телкем 2 өзенінің жерүсті сулары (жарылыс шұңқыры)

<0,1

190

300

0,6

Жерасты сулары

(Телкем өзенінен 2850м)

1,0

3,3

500

Деректер жоқ

«Атом» көлі

(№ 1004 «әскери» ұңғыма)

<1,0

15

4000

0,01

Сары-Өзен алаңы.

Жерасты сулары

(125 «әскери» ұңғымадан 320м)

0,03

0,1

480000

Деректер жоқ

Балапан алаңы

Жерасты сулары

(1308 «әскери» ұңғымадан 950м)

4,0

1240

4800 000

0,3

АД тұрғ.

РҚН-99 (2 Қосымша)

11

5

7,7

0,56

 

 

Сары-Өзен

Ұңғымалар: 1 – гидрогеологиялық; 2 - гидрогеологиялық, режімдік бақылауларға жарамды; 3 – гидрогеологиялық, режімдік бақылауларға жарамсыз; 4 –әскери ұңғымалар