ССП ҚОРШАҒАН ОРТАСЫ МЕН НЕГІЗГІ ОРТАЛАРЫНЫҢ РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУ СПАТЫ (АУА БАССЕЙНІ)

«Тәжірибе даласы», «Балапан», �?РЗ секілді сынақ алаңдарының радиоактивті ластану көздері полигон аумағында ауа бассейнінің радиоактивті ластануымен, сонымен қатар атмосфералық ядролық сынақтардан кейінгі радиоактивті түсулер іздерімен шартталған.

Табиғи және техногенді шаңпайдаболу процестерінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының талдамасы, атмосфера жербеткі қабатының қомақты түрде радиоактивті ластануы тек техногенді шаңдану (автокөліктердің қозғалысы және басқа да қомақты шаң көтеретін жұмыстар) әсерінен, сонымен қатар дала өрттері барысында ластанатынын көрсетті.

Зерттеулер және үлгідегі есептер негізінде тұрғындардың ішкі сәулеленуін бағалау жұмыстарын жүргізу барысында техногендік радионуклидтердің ингаляциялық түсуі нәтижесінде, радиациялық қатерлерді бағалауға негіз болды

Алынған зерттеулерден, егер полигонның радиациялық-қауіпті нысандарында тұрған уақытта үлкен мөлшерде шаң (шаңды дауылдар, техногенді шаңдану және т.б.) көтерілсе ғана, атмосфераның радиоактивті ластануы нәтижесінен адамға қауіп төнеді деген қорытынды жасауға болады. «Тәжірибе даласы» сынақ алаңының ауданында техногенді радионуклидтердің шоғырлануын зерттеу барысында рауалы шаманың қомақты түрде жоғарылауы анықталды. Бұдан шығатын қорытынды, бұл жерде тұру және бұндай нысандардың жанында белсенді шаруашылық қызметін (шаңкөтерілу процесі орын алған жағдайда) жүргізу қауіпті. Солай бола тұра, бұл алаңдардан тыс жерлерге радиоактивтілікті шекаралық тасымалдау, әрі полигон шекарасынан тыс жерге оның тасымалдануы қомақты емес және қауіп төндірмейді. Полигон аумағынан тыс жерде техногенді радионуклидтердің ауқымды белсенділігі нормаланған шамадан едәуір төмен. Мысалға, Саржал және Курчатов елді-мекендерінде 239+240Pu радионуклидінің ауқымды белсенділігі, рауалы шектен 352 және 25000 есе төмен, бірақ солай бола тұра полигоннан едәуір алыс жатқан қалалардың ауасында аталған радионуклидтердің шоғырлануы едәуір жоғары.

 

Радионуклид

Алынған орындары

Ауқымды белсенділігі, нБк/м3

Зерттелген жылдар

239+240Pu

«Тәжірибе даласына» жақын

14 000 000

2001

137Cs

«Тәжірибе даласына» жақын

800 000

2001

239+240Pu

Саржал а.

7100

2000-2001

239+240Pu

Курчатов қ.

100

2000-2001

137Cs

Курчатов қ.

4 000

2000-2001

137Cs

Алматы қ.

200

1995

239+240Pu

Астана қ.

29

2001

239+240Pu

Мюнхен қ.

2-6

1987-1991

РҚН-99: 137Cs – 27 Бк/м3, 239+240Pu – 2,5*10-3 Бк/м3

<//span>

<//span>