Экскавациялық жарылыстар

Топырақ лақтырындысымен ілескен жер астында жасалған жарылыстарды өндірістік бағытта қолданудың бір бағыты ретінде елдегі құрғақ аудандар үшін және солтүстік өзенінің суларын судың жетіспеушілігі әрдайым сезіліп отыратын, оңтүстік аудандарға бұруға арналған каналдар үшін жасанды су қоймаларын құру болып табылды. №101, №125 ұңғымаларда, №1204 («Балапан» ал.) және ядролық зарядтар жарылған жерлердегі тура бағытталған сынақтар, («Балапан» ал. №1004 ұңғыма) №1003 («Сары-Өзен» ал., Телкем-1, Телкем-2) радиусы жүздеген және тереңдігі ондаған метр шұңқырлардың пайда болуына әкеліп соқты. 
Шаған және Ащысу өзендерінің аймағындағы негізгі су артерияларының тоғысқан жерінде қуаты 140 кт болатын, 15.01.65ж. алғашқы жерасты ядролық жарылысы жасалды, нәтижесінде тереңдігі 100м және диаметрі 400м болатын шұңқыр пайда болды. Сол жылғы көктемде шұңқырдың еріген сулармен толуы барысында «Атом» көлі пайда болды.
Жарылыс кезінде пайда болған радионуклидтердің негізгі бөлігі сынақтар өткізілген жерлерде түсті. №1004, №1003, №101 ұңғымаларда жасалған сынақтардың іздері полигоннан тыс жерлерге тарады, бірақ қазіргі уақытта полигоннан тыс жерлерде бұл сынақтардың әсерінен қоршаған ортаға түскен радиоактивті ластану іздері анықталған жоқ. 

«Атом» көлі

Жарылыс эпицентрінен арақашықтық алыстаған сайын барлық ұңғымалардағы радионуклидтердің тиесілі белсенділігі едәуір төмендейді. Шұңқырлардан 200-500м алыстаған соң радиациялық параметрлер фондық мәнінің деңгейінен аспайды. Алайда «Атом» көлінің ауданында солтүстік бағытта 3-4 км дейінгі аралықтағы қашықтықта топырақтың радионуклидті ластануы байқалды.
Қазіргі уақытта №101 және №1004 ұңғымаларға жақын орналасқан аумақ көбірек ластанған (ЭДҚ мәні 7 мкЗв/с, тиесілік белсенділігі: 137Cs – 9*103 және 3*104 Бк/кг, 90Sr – 1,2*104 и 8,5*103 Бк/кг сәйкес) болып есептеледі. «Атом» көлінің кейбір телімдеріндегі топырақтағы 239+240Pu тиесілі белсенділігі2*104 Бк/кг-ға жетеді.
Жарылыс эпицентрінен арақашықтық алыстаған сайын барлық ұңғымалардағы радионуклидтердің тиесілі белсенділігі едәуір төмендейді. Шұңқырлардан 200-500м алыстаған соң радиациялық параметрлер фондық мәнінің деңгейінен аспайды. Алайда «Атом» көлінің ауданында солтүстік бағытта 3-4 км дейінгі аралықтағы қашықтықта топырақтың радионуклидті ластануы байқалды.



«Сары-Өзен» ал. №1003 ұңғымада жасалған топырақ лақтырындысымен ілескен жер асты ядролық

№1003 ұңғымаларын зерттеу барысында ЭДҚ максималды мәні 2 мкЗв/с, -бөлшекті ағымның тығыздығы 140 жиіл/(мин*см2) құрады. Топырақтағы радионуклидтердің максималды тиесілі белсенділігі, шұңқырдың ортасынан өтетін бейін бойындағы нүктеден іріктеп алынған құрамы: 137Cs - 7*103, 90Sr және 241Am – 2,5*103 Бк/кг құрады. 
Радионуклидті ластану ізі солтүстік-шығыс бағытта өтті және ол із картада жақсы көрсетілген. Оңтүстік-батыс бағыттағы ластану №215 ұңғымада өткізілген жарылыстың жемісі. 
Семей полигонының оңтүстік-шығыс бөлігінде топырақ лақтырындысымен ілескен екі жерасты ядролық сынақтар өткізілді: «Телкем-1» жалғыз жарылыс (21.10.1968ж.) және топтық – «Телкем-2» (12.11.1968ж.). Топтық жарылыстан кейін пайда болған шұңқыр суға толды.
Тәжірибелер өткізу барысында, елдің арктикалық аудандарынан Волга өзені мен Каспий теңізі бассейніне суларды тарту үшін пайдалануға болатын каналдарды құру технологиясы қарастырылды. Печора-Кама каналын құру бойынша жұмыстарды жоспарлауға қажетті, маңызды деректер алынды. Жарылыстан кейінгі радиоактивті іздер бірнеше ондаған километр арақашықтыққа созылды және полигон шегінен шыққан жоқ.
Аумақтың радиоэкологиялық зерттеу нәтижелерінен, радионуклидтердің құрамы жарылыс эпицентрінен арақашықтығы ұлғайған сайын радионуклидтердің құрамы едәуір төмендейтіні көрсетілді. Шұңқырдан 200м асқан соң, ауқымды түсімдердің деңгейінің мәнін жоғарылататын радионуклидтердің құрамын анықтау қиын.




Жерасты топтық ядролық жарылыстан кейін пайда
болған