"Балапан", "Сары-Өзен" алаңдары

«Балапан» алаңыныңдағы ұңғымалардың орналасу сұлбасы"Балапан" алаңы полигонның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және 780км2 аумақты алып жатыр. Сынақ алаңы ұңғымалары, жерасты ядролық жарылыстарды және қарапайым жарылғыш заттектерді пайдалана отырып үлгідегі тәжірибелерді өткізуге пайдаланылды. Бұл алаңда барлығы 105 ядролық сынақ өткізілді және жоғары қуатты – 150кт дейін болды, сонымен қатар жасанды су қоймасын (15.01.65ж.) жасау мақсатында, топырақ шығарындысымен жасалған КСРО-дағы ең алғашқы экскавациялық жарылыс болды. 4 ұңғымада (№№1007, 1069, 1204, 1301) штаттан тыс жағдай болды, олардың нәтижесінде жердің қомақты түрде ластануына жол берілді.

Атмосфералық сынақтарға қарағанда, ұңғымаларда өткізілген жерасты ядролық жарылыстарының есебінен радиоактивті ластану төменірек. Радиоактивті өнімнің бөлінісінің негізгі үлесі жыныс қабаттарында «көмулі» қалады. Ұңғымаларда жерасты ядролық жарылыстар қалыпты радиациялық жағдайда радиоактивтіліктің басым бөлігі жерастында, жарылыстың эпицентрінде қалады, ал оның сәл бір бөлігі инертті газ түрінде жер үстіне шығады.

Ұңғымалардың сағалық алаңдарын зерттеу барысында, радиациялық параметрлер көп жағдайда нормативтен аспайтынын көрсетті. Радионуклидтердің максималды шоғырлануы ұңғымалардың басында орын алған. Солай бола тұра, 10 ұңғыманың сағалық алаңдарында (оның 2-уі штаттан тыс жағдай орын алған - №1301 және №1069 ұңғ.) топырақ жамылғысының радиоактивті ластануы байқалды және ондаған метрден жүздеген метрге дейін таралған, ал тиесілі белсенділігі бойынша радиоактивті қалдықтармен теңдес. Радионуклидтердің тиесілі белсенділігі 241Am – 3*105, 137Cs – 2*106, 90Sr – 2*105, 152Eu – 5*102, 154Eu – 4*102, 239+240Pu – 2*106 Бк/кг жетеді.

 

1069 ұңғымадағы 137Cs, мКи/км2 жерүсті ластану тығыздығының бөлінісінің сұлбасы «Балапан» алаңында өткізілген жерасты ядролық жарылыстар кезінде құламай қалған «ауыз құйылыстарының» орын алуы – олардың кенеттен, аяқасты құлап кетуіне шынайы қатер тудырады. Жер астында жану процестері нышанының орын алуы, жер бетіне жерасты газдарының бірден шығып, артынан өртке ұласу қаупі бар. Бұған дәлел, ядролық сынақ жасалған соң, 17 жылдан кейін «Глубокая» ұңғымасында жарылыс шығып, соңынан диаметрі 100м-ден аса, тереңдігі 30м шұңқыр пайда болды.

«Сары-Өзен» алаңындағы ұңғымалардың орналасу сұлбасы «Сары-Өзен» алаңында 1965 жылдар мен 1980 жылдар аралығында 24 ұңғымада жерасты ядролық жарылыстары жасалды. «Сары-Өзен» алаңына жақын жатқан, Мұржық таулы массивінде, тағы бір жерасты ядролық сынақ – «Лазурит» іске асты. Алаң аумағының негізгі ластануы, №№101,111 және 215 ұңғымаларда және №№1003,125 ұңғымалардағы экскавациялық жарылыстар барысында орын алған штаттан тыс радиациялық жағдайлардан туындаған

«Сары-Өзен» алаңындағы ұңғымалардың сағалық алаңдарының шегіндегі радионуклидтердің кеңістіктегі бөлінісі, «Балапан» алаңындағы бөлініске сәйкес келеді. Ядролық жарылыстардың топырақты сыртқа лақтыруы себебінен ұңғымалардың аймағындағы қоршаған ортаның радиоактивті ластануы бірнеше метрге созылған, ал №101 ұңғымада сынақтар өткізу барысында орын алған радиоактивті түсулер есебінен, бірнеше километрдегі арақашықтықта кездеседі. «Сары-Өзен» алаңындағы радиологиялық зерттеулер барысында 4 белгісіз ұңғыма анықталды, оларды ұқсастыру мүмкін болған жоқ.

№101 ұңғымадағы ЭДҚ мәніЭДҚ максималды мәні олардың бірінде тіркелген - 2,0 мкЗв/с, сонымен қатар: 137Cs – 2*103, 90Sr – 4*103, 241Am – 2*104 Бк/кг техногенді радионуклидтердің топырақтағы сынамаларындағы жоғары қатары тіркелген. Қазіргі уақытта «Балапан» және «Сары-Өзен» алаңдарындағы барлық ұңғымалардың бастары бөлшектенген.