"Тәжірибе даласы" алаңы

"Тәжірибе даласы" Семей сынақ полигонының алғашқы сынақ алаңы болды және 1949 жылдар мен 1962 жылдар аралығындағы кезеңде атмосфералық (жерүсті және ауадағы) ядролық сынақтар өткізуге арналды. Алаңша үш жақтан биік емес таулармен қоршалған, диаметрі шамамен 20 км болатын жазықтықты құрайды. «Тәжірибе даласының» аумағы шамамен 300 км2 құрайды, периметрі - 64 км. Алаң Курчатов қаласынан шамамен 50 км аса арақашықтықта орналасқан.
Алаң табиғи тәжірибе жағдайында ядролық жарылыс параметрлерін тіркеу және сынақтар өткізуге арналған іріауқымды инженерлік-құрылыстық құрылыс кешендерінен тұрды. Қазіргі уақытқа дейін ядролық жарылыстардың әсерінің ізі қалған аспаптық және фортификациялық құрылыстардың жеке бір фрагменттері әлі күнге дейін сақталған. Ядролық құрылғыны алғашқы рет сынау «Тәжірибе даласында» 1949 жылы 29 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де іске асты. Осы жерде 1953 жылы 12 тамызда

Осы жерде 1953 жылы 12 тамызда алғашқы термоядролық құрылғы, 1955 жылы 22 қарашада - сутекті бомба сыналды. «Тәжірибе даласында» барлығы 116 ядролық сынақ жасалды, оның ішінде 86 ауадағы, 30 жерүстіндегі сынақтар.
Полигон аумағы және жақын жатқан аудандар бірнеше рет радиоактивті ластануға ұшырады, оған басты себепші болған атмосферада өткізілген сынақтар. «Тәжірибе даласы» алаңының шегінде жерүсті ядролық сынақтары тікелей өткізілген бірқатар техникалық алаңдар (П-1, П-3, П-5) болған. Жерүсті 30 ядролық сынақтардың 25-де ядролық құрылғы жарылса, 5 жағдайда - құрылғы істемей қалған. «Тәжірибе даласының» ортасында орналасқан П-1 алаңында 3 ең қуатты жер бетіндегі ядролық сынақ (29.08.49ж. - 22кт.; 24.09.51ж. - 38кт.; 12.08.53ж. - 400кт) өткізілді және қуаттылығы 0,4 болатын (05.11.62ж.) бір сынақ өткізілді. П-3 алаңында 4, П-5 алаңында 3 жерүсті ядролық сынақтар өткізілді. Жерүсті сынақтары өткізілген жерлерде топырақ үйінділері мен ядролық жарылыс өнімдерінен тұратын, топырақтың еріген фрагменттері бар. Бұл шұңқырлар ғарыштан түсірілген суреттерден анық көрінеді. Жергілікті радиоактивті ластану жүздеген метрге дейін созылған. Шұңқырдың ернеуіндегі доза қуаты 10 мкЗв/с асады. Шұңқырдың жаңынан алынған, топырақтың сынамаларынан 137Cs, 241Am, 60Co, 152Eu, 154Eu, 90Sr, 239+240Pu техногенді радионуклидтерді табылды.
«Тәжірибе даласы» алаңындағы жердің радиоактивті ластануы біркелкі емес, тек қана жерүсті ядролық жарылыстар өткізілген жерлерде және осы алаңның шегіндегі жердің беткі қабатының ластануымен шартталған. Кейбір қуаттылығы жоғары сынақтар, полигон аумағының және одан тыс жерлердің радиоактивті ластануына алып келді. Қуаты аз мөлшердегі жер бетіндегі жарылыстар, негізінен «Тәжірибе даласы» сынақ алаңы мен полигон аумағының шегіндегі жерлерді радиоактивті ластауына алып келді.

Басқа техникалық алаңдарда (П 7, П 2Г) гидроядролық тәжірибелер жасалды. Гидроядролық тәжірибелерді жасау барысында қомақты ядролық энергобөлінісі мүлде болған жоқ. Бұл өз есебінен «бөлініс жарықшағы» кішігірім мөлшерінің пайда болуын алып келді, сол себепті олардың қоршаған ортаға радиациялық әсерінің іске асу барысында жарылыс құрылғысының құрамына енетін ядролық жарылыс заттектердің (бөлінгіш материалдар) ыдырауы есебінен пайда болды. Бір тәжірибелер өткізу барысында уран ыдырауға ұшыраса, келесі бірінде – плутоний ыдырауға ұшырады. Мамандардың берген бағасы бойынша, шамамен плутоний белсенділігінің 750 Ки (~12 кг) ыдырауға түскен. Осы алаңдардың шегіндегі жердің радиоактивті ластану сипаты ядролық сынақ өткізілген жерлерден ерекшеленеді, себебі негізгі ластаушы радионуклидтердің қатарына 239+240Pu, 241Am жатады, ал 137Cs, 60Co, 152Eu, 154Eu, 90Sr радионуклидтерінің бөлінісі мүлде жоқ. 

«Тәжірибе даласы» алаңында ядролық сынақтар өткізген жерлердегі топырақ-өсімдік жамылғысындағы радионуклидтердің құрамының шамасы бойынша радиоактивті қалдықтармен салыстыруға болады. 
«Тәжірибе даласы» алаңының барлық кешені әлі күнге дейін ядролық дәуірдің қайталанбас ескерткіші болып табылады.