№В-1

«Дегелең» сынақ алаңы орта және аз қуатты ядролық сынақтар өткізуге дайындалды. Алаң осы аттас таулы массивте орналасқан, көлемі диаметрі 17-18км куполтәріздес биіктік. Жалпы аумағы ~300 км2 құрайды. Жерасты ядролық сынақтары штольняларда өткізілген. Штольняның құрылысы таудың көлденең қазылған, ұзындығы бірнеше жүздеген метрден 2 километрге дейін созылған, діңгегінің диаметрі шамамен 3 метрді құрайтын қазбадан тұрады. Радиоактивті өнімдердің атмосфераға шығуының алдын алу үшін беріктілігі жоғары гермоэлементті, демпфирлеу құрылғылары, газды бітеу және т.б. бітеу кешені құрылды. Барлығы 1961 жылдар мен 1989 жылдар аралығында 181 штольняда 209 ядролық сынақ жасалды. Соңғы сынақ 04.10.1989 жылы 169/2 штольняда өткізілді.1996 жылдар мен 1998 жылдар аралығында «Дегелең» алаңында барлық штольняларды жабу бойынша жұмыстар жүргізілді, оның бір себебі оларды ядролық сынақтар мақсатында қайта пайдалану мүмкіндігін жою. Бұл жұмыстар АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі арасындағы ядролық қару сынау инфрақұрылымын жоюға қатысты Келісім шеңберінде орындалды.

Штольняның жапқанға дейінгі және жапқаннан кейінгі көрінісі

«Дегелең» алаңын радиоэкологиялық зерттеу нәтижелері, алаңның аумағының көп бөлігі радиоактивті ластанбағанын, ал радиоактивтіліктің негізгі үлесі, ядролық сынақтар процесінде пайда болған радиоактивтілік, штольняның аузында (90% аса) орын алғанын көрсетті. Алайда қоршаған ортаның нысандарында (топырақ, су, өсімдік) жоғары дәрежелі радионуклидтер орын алған телімдер бар. Бұндай телімдер, негізінен, үш жолмен құрылған: 1) ядролық сынақтар өткізу барысында орын алған штаттан тыс жағдайлар; 2) сынақтар өткізілген соң штольняларды ашу; 3) су жолдарымен штольняның аузынан радиоактивтіліктің шығуы.«Дегелең» алаңының су шыққан штольнялардың порталалды алаңдары көбірек ластанған телімдер болып табылады. Бірнеше жыл жүргізілген мониторингілік зерттеу нәтижелері бойынша ядролық жарылыстардың аузынан су жолы арқылы радионуклидтердің шығуы әлі күнге дейін жалғасуда. «Дегелең» алаңында бұндай штольнялардың саны 8-ден 12-ге дейін, бұл сан әр жылда ауа райы жағдайына байланысты (көбіне бұған атмосфералық жауын-шашын үлкен әсер етеді) өзгереді. Су жіберуші жылғалар қоймасы мен жағалаулардың шегінде 239+240Pu-дейін n*104 Бк/кг, 90Sr – бастап n*104 дейін n*105 Бк/кг, 137Cs – бастап n*104 дейін n*106 Бк/кг шоғырланған телімдер бар. Штольнядан аққан сумен шыққан радионуклидтердің әсерінен пайда болған радиоактивті ластанудың негізгі ерекшеліктері болып, түптік шөгінділер мен жағалау бойымен аққан суларда техногенді радионуклидтердің қомақты ластануы болып табылады. Порталалды телімге жақын телімде, радиоактивті ластану максималды мәнге жетеді, ал порталдан алыстаған сайын жердің ластануы азая береді. Осылай бола тұра, штольня порталынан алыстаған сайын суда және топырақта радионуклидтердің құрамының мәні өте анық көрінеді. Жылыстауда ерекшелігі төмен 239+240Pu және 137Cs болып табылады, жылғаның арнасы бойынша олардың таралу ерекшелігі көп жағдайда қайнардан бірнеше метрден аспайды. Стронций-90 су жолдарымен бірнеше метрден бірнеше километрге дейін тасымалданса, тритий бөгелместен ондаған километрге дейін және одан алыс жерлерге максималды мәнге дейін тарауы мүмкін. Таулы массивтің шегінен тыс жерге олардың, штольнядан аққан судың әсер ету аймағында жатқан, Дегелең су артериясы бойымен - жылғалармен радионуклидтерді тасымалданудың негізгі механизмі. Алайда, жер бетіндегі ағын сулардың «Дегелең» алаңының шекарасының шегіне жетпей кеуіп кететінін ескерсек, таулы массивтен тыс жерге техногенді радионуклидтердің негізгі шығуы жерасты сулары арқылы іске асады. 1998-2008ж. радиоэкологиялық мониторинг деректері бойынша, «Дегелең» алаңына жақын орналасқан, «Қаражал» флюоритті кенорнындағы жерасты суларында цезий-137 және стронций-90 ізді шоғырлануы анықталды, судағы тритийдің құрамы n*104 Бк/л мәнге жетеді. Осыған байланысты, ССП сынақ алаңдарынан тыс жерлерге ағын сулармен техногенді радионуклидтердің кеңістікті таралу өрісін зерттеу, жақын маңда маңызды деген бағыттардың бірі болады.

Штольняның аузынан су жолдармен радиоактивтіліктің

Техногенді радионуклидтерден басқа «Дегелең» алаңдарының суларында ауыр металлдар мен сирек жерлік элементтердің аномалды жоғары түрде шоғырлануы тіркелген. Осылай, Дегелең таулы массивіндегі кейбір жылғаларда бериллий мен молибден құрамы рауалы шоғылану шегінен (РШШ) ондаған мың есе жоғары. Алайда, ядролық құрылғыларды сынаудың конструктивті сипаттамасына қарағанда, кейбір элементтердің жоғары дәрежеде шоғырлануы таулы массивтің көп жағдайда геологиялық құрылымының ерекшелігінің әсер етуін көрсетуі мүмкін. Аталған мәселе қазіргі уақытта «радиациялық» мәселелермен қатар зерттелуде және болашақта жеке сирек химиялық элементтерді өндіру және әзірлеу үшін, келешегі бар аймақтар мен телімдерді табуымыз мүмкін.